САПАНЫ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ
Green City Garden-де біз мектепке дейін білім беретін ұйымдардың халықаралық сапа стандарттарына сүйене отырып, балабақша сапасын басқару жүйесін жасадық.
Әр топтағы сапа деңгейін бағалау үшін халықаралық құрал – ECERS-3 шкаласын қолданамыз. ECERS-3 шкаласын 1980 жылы Солтүстік Каролина университетінің ғалымдары жасаған, содан бері екі рет жаңартылған. Қазіргі таңда ECERS-3 – әлемнің 40-тан астам елінде қолданылатын ғылыми дәлдігі жоғары әрі балаларды дамыту мен оқытып-үйрету және балабақшада соған жағдай жасау туралы қазіргі заманғы ғылыми деректерге сүйенген халықаралық құрал.
Балабақшамыздағы педагогтердің бәрі ECERS-3 шкаласына сүйенетін білік арттыру курсынан өткен. Әдіскеріміз – сапаны бағалау бойынша сертификаты бар эксперт, соның арқасында сапаны тұрақты бағалап отыратын мүмкіндігіміз бар.
Әр тәрбиеші өз тобына берілген баға бойынша егжей-тегжейлі кері жауап ала алады және жыл ішіндегі прогресі мен жетістікке жеткен салаларын көріп отырады. Жарты жыл сайын жұмысымыздың сапасын сырттай бағалауға тәуелсіз эксперт шақырып тұрамыз.

Саясатымыз бен қауіпсіздік стандартымыз да – сапаны басқаратын жүйеміздің бір бөлігі. Балабақшадағы қауіпсіздікке қатысты талаптарды ECERS Central Asia қоғамдастығының сайтынан көре аласыз.