“ Мен - Салтанат Төлегенава, білім беру жүйесінде 30 жылдан астам тәжірибесі бар, оның ішінде 25 жыл басқару саласында жұмыс істеген білім беру психологы және әкімшісімін. Менің кәсіби мансабым колледждер мен халықаралық жобалардан бастап Назарбаев зияткерлік мектептерінде және жекеменшік білім беру мекемелерінде жұмыс істеуге дейінгі әртүрлі деңгейдегі білім беру ұйымдарын дамытуды қамтыды.
Осы жылдар ішінде мен директорларға, мұғалімдерге және сынып жетекшілеріне семинарлар мен шеберлік сабақтарын өткіздім, заманауи білім беру технологияларын енгіздім, мектеп пен отбасының тиімді өзара әрекеттесуіне арналған жобаларды әзірледім және CIS стандарты бойынша мектептерді халықаралық аккредиттеуге қатыстым. Бұл маған жоғары сапалы, қауіпсіз және тиімді білім беру ортасын қалай құру керектігін жан-жақты түсінуге мүмкіндік берді.
Бүгінде мен жинақталған тәжірибемді балалардың сенімді, ізденімпаз және бақытты болып өсетін кеңістікті дамыту үшін қолданатын Green City Garden балабақшасын басқарамын. Біз жұмысымызды әрбір бала мұқият, қамқор және қолдау сезінетіндей етіп құрдық, ал ата-аналар команданың кәсібилігіне және ерте балалық шақты дамыту сапасына сенімді сезінді. Менің мақсатым - Green City Garden ата-аналар сеніммен, ал балалар қуанышпен келетін орынға айналуы. "
— Green City Garden директоры
GREEN CITY GARDEN МИССИЯСЫ

Мектепке дейінгі білім беру сапасының халықаралық стандарттарына сай келетін қауіпсіз әрі дамытушы орта құру — мұнда әр бала өзін өзгелер жақсы көретінін, қабылдайтынын түйсініп, өзіне-өзі сенімді болады.
Біз балалардың ойлау қабілетін, эмоциялары мен әлеуметтік машықтарын өзгеге құрмет, қамқорлық пен шабыт жайлаған атмосферада дамыта отырып, оларға жан-жақты жетіліп өсуге көмектесеміз.
ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫМЫЗ
  • Қауіпсіздік пен қамқорлық
    Бала тәні де, жаны да аман болатынын сезетін кеңістік жасаймыз.
  • Сапалы орта жасай отырып дамыту
    Біз ортаның адамға үшінші тәрбиеші бола алатын күші бар деп сенеміз
  • Жеке-жеке қатынас
    Әр баланың бірегей болмысы барын қадірлейміз. Балалар мен педагогтер санының тиімді арақатынасы бізге балалардың әрқайсысы нені қажет етсе, соған мұқият көңіл бөлуге мүмкіндік береді.
  • Табиғат пен денсаулық
    Серуендегенді, қозғалғанды және таза ауаны артық көреміз. Кең аумақ, айналаға зияны жоқ материалдар, жұмсақ жабын мен ылғалдатылған таза ауа – мықты денсаулыққа өзек.
  • Жайлы көңіл-күй
    Күліп жүру, қолдау, балалардың сезімін қадірлеу дегенді елеусіз ұсақ-түйек емес, өзара сенім қалыптасқан қатынас пен жалтақтамай есеюге өзек болатын нәрсе деп білеміз.